Google Payments Құпиялылық мәлімдемесі

Соңғы рет өзгертілген: 2022 жылдың 28 наурызы

Google өнімдері мен қызметтерін пайдаланған кезде жеке ақпаратыңыздың өңделу жолы Google Құпиялылық саясатында берілген. 18 жасқа толмаған пайдаланушы болсаңыз, қосымша ресурстарды Google-дың жасөспірімдерге арналған құпиялылық нұсқаулығынан таба аласыз. Google Payments қызметі Google аккаунтының иелеріне ұсынылады, сол себепті оны пайдалануыңыз Google Құпиялылық саясатына сәйкес реттеледі. Сондай-ақ бұл Құпиялылық мәлімдемесінде Google Payments-ке тән Google құпиялылық шаралары берілген.

Google Payments-ті пайдалануыңыз Google Payments Қызмет көрсету шарттары арқылы реттеледі. Онда Құпиялылық мәлімдемесі бойынша көрсетілетін Қызметтер жан-жақты сипатталған. Бұл Google Payments Құпиялылық мәлімдемесінде анықтамасы берілмеген бас әріппен жазылған сөздердің мағынасы Google Payments Қызмет көрсету шарттарындағы мағынасымен бірдей.

Google Payments Құпиялылық мәлімдемесі Google LLC компаниясы немесе ол толықтай иелік ететін еншілес ұйымдар, соның ішінде Google Payment Corp. ("GPC") ұсынатын Қызметтерге қатысты қолданылады. Қызметті қандай еншілес ұйымның ұсынатынын білу үшін Қызметтегі Google Payments Қызмет көрсету шарттарын қараңыз. Еуропалық экономикалық аймақтағы (Ұлыбританияны қоспағанда) пайдаланушылардың (Google нарығындағы сатушыларды қоспағанда) ақпаратына жауапты дерек бақылаушысы — Google Ireland Limited. Ұлыбританиядағы пайдаланушылардың (Google нарығындағы сатушыларды қоспағанда) ақпаратына жауапты дерек бақылаушысы — Google LLC. Еуропалық экономикалық аймақта (Ұлыбритания емес) тұрсаңыз және Google нарығында сатушы болсаңыз, ақпаратыңызға жауапты дерек бақылаушысы — Google Payment Ireland Limited. Ұлыбританияда тұрсаңыз және Google нарығында сатушы болсаңыз, ақпаратыңызға жауапты дерек бақылаушысы — Google Payment Limited. Бразилияда тұратын пайдаланушылардың ақпаратына жауапты дерек бақылаушысы — Google LLC, бірақ Бразилия заңы бойынша талап етілсе, Google Brasil Pagamentos Ltda болуы мүмкін.

Біз жинайтын ақпарат

Google Құпиялылық саясатында берілген ақпаратпен қоса келесі мәлімет те жиналуы мүмкін:

Жиналатын ақпарат қалай қолданылады?

Бізге, GPC компаниясына немесе басқа еншілес ұйымдарымызға жіберетін ақпаратыңызды, сондай-ақ сіз туралы үшінші тараптан алған мәліметті Google Құпиялылық саясатында берілген себептермен қатар сізге Google Payments қызметін көрсету, Google-дың, пайдаланушылардың немесе қоғамның құқықтарына, меншігіне не қауіпсіздігіне төнетін қауіптің алдын алу, соның ішінде алаяқтыққа, фишингіге немесе басқа ереже бұзушылыққа жол бермеу үшін қолданамыз. Осындай мәлімет үшінші тараптың сіз сұраған өнімдерді не қызметтерді қамтамасыз етуі үшін де қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ мұндай ақпарат Google Payments аккаунтыңызды тексеріп, шарттарға жауап беретініңізді анықтау, болашақтағы Google Payments транзакциялары туралы шешім қабылдау және сіз жүргізетін Google Payments транзакцияларына қатысты басқа да заңды бизнес қажеттіліктер үшін қолданылады.

Тіркеу туралы ақпаратыңыз Google аккаунтыңызбен байланыстырылып сақталады, ал төлеу әдісін тіркеу туралы мәлімет Google серверлерінде болады. Сонымен қатар мобильдік құрылғыңызда белгілі бір деректер сақталуы мүмкін. Алынған ақпарат сот процесі мен нормативтік міндеттемелерді орындау үшін ұзақ уақыт бойы сақталады.

Біз бөлісетін ақпарат

Жеке ақпаратты басқа компаниялармен немесе Google қызметкері емес жеке тұлғамен тек келесі жағдайларда бөлісеміз:

Мысалы, Google Payments арқылы зат сатып алсаңыз немесе транзакция жүргізсеңіз, тиісті компанияға не жеке тұлғаға сіз туралы белгілі бір жеке ақпаратты қолжетімді етеміз. Сондай-ақ Google Play-де Google Payments арқылы сатып алсаңыз, жеке ақпарат тиісті әзірлеушіге де жіберіледі. "Google Pay арқылы сатып алу" немесе осыған ұқсас түймені бассаңыз, пошта индексіңіз және төлеу әдісі туралы ақпарат сатушының веб-сайтына немесе қолданбасына жіберілуі мүмкін. Осылайша сатушы жаңартылған сатып алу ақпаратын (салық, жеткізу ақысы және баға туралы басқа ақпарат сияқты) есептейді және төлеу әдісіңіздің қабылдануын, сатып алу кезіндегі белгілі бір төлеу әдісіне берілетін бонустарды немесе шектеулерді анықтай алады. Google Payments аккаунтына үшінші тараптың төлеу әдісін қосқан кезіңізде, қызмет көрсету үшін қажет болса, сіз туралы белгілі бір жеке ақпаратты (аты-жөніңіз, профиль суреті, электрондық пошта, IP және төлем мекенжайы, телефон нөмірі, құрылғы туралы ақпарат, локация және Google аккаунтын пайдалану тарихы сияқты) үшінші тараптық төлем қызметін көрсетушіге жіберуіміз мүмкін.

Сатушы сайтына немесе қолданбасына кірсеңіз, сізге қажетсіз функциялар көрсетілмеуі үшін, сатушы сізде Google Payments аккаунты және өз қолданбасында не сайтында сатып алу үшін қолдануға болатын жарамды төлеу әдісі бар-жоғын тексере алады.

Үшінші тарап сатушысына, веб-сайтына немесе қолданбасына сіз тікелей беретін ақпарат бұл Құпиялылық мәлімдемесінде қамтылмаған. Жеке ақпаратыңызды өзіңіз тікелей жібергенде, сатушылардың немесе басқа үшінші тараптардың құпиялылық не қауіпсіздік шараларына біз жауапкершілік алмаймыз. Ондай жағдайда үшінші тараптың құпиялылық саясатын көруге кеңес береміз.

Біз жинайтын ақпарат, соның ішінде үшінші тараптардан алынған мәліметтер еншілес компанияларымызға (Google LLC иелік ететін және басқаратын басқа компанияларға) жіберіледі. Қаржылық немесе қаржылық емес мекемелер болып табылатын бұл еншілес компаниялар осындай ақпаратты өздерінің күнделікті бизнес мақсаттары үшін қолданады.

GPC және оның еншілес компанияларына белгілі бір ақпаратты жіберуден бас тарту құқығыңыз бар. Атап айтқанда, келесі әрекеттерден бас тартуға болады:

Google LLC немесе оның еншілестерінің сіз сайтына не қолданбасына кіретін сатушыға сізде Google Payments аккаунтының бар-жоғын хабарлау әрекетінен де бас тарта аласыз.

Бас тартсаңыз, шешіміңізді өзгерткенше таңдауыңыз өз күшінде болады.

Несие төлеу қабілетіңіз туралы ақпаратты GPC және оның еншілес компанияларына жібергенімізді, еншілес компаниялар біз жинаған және бөліскен жеке ақпаратыңызды сізге тауар ұсыну үшін қолданғанын немесе Google LLC не оның еншілес компаниялары сіз сайтына не қолданбасына кіретін сатушыға сізде Google Payments аккаунты бар-жоғын хабарлағанын қаламасаңыз, аккаунтқа кіріп, Google Payments-тің құпиялылық параметрлері бетіне өтіп, параметрлерді өзгертсеңіз болады.

Осы Құпиялылық мәлімдемесінде не Google Құпиялылық саясатында берілген жағдайларды қоспағанда, жеке ақпаратты GPC компаниясынан немесе еншілес компаниялардан басқа тараптармен бөліспейміз. Жоғарыда айтылғандай, Google Payments — Google аккаунт иелеріне ұсынылатын өнім. Осы Құпиялылық мәлімдемесіндегі бас тарту шарттары Google аккаунтына тіркелу үшін Google LLC компаниясына жіберетін деректеріңізге әсер етпейді.

Ақпаратты қорғау

Қауіпсіздік шаралары туралы қосымша ақпарат алу үшін негізгі Google Құпиялылық саясатын қараңыз.

Google Payments аккаунтының қауіпсіздігі аккаунт құпия сөздерін, PIN кодтарын және Қызметке кіру туралы басқа ақпаратты құпия сақтауыңызға байланысты. Аккаунт туралы ақпаратты үшінші тараппен бөліссеңіз, ол аккаунтыңызға және жеке ақпаратыңызға қол жеткізе алады.

Мобильдік құрылғыңызға және құрылғыдағы Google Payments қолданбасына кіру рұқсатын басқару, соның ішінде құпия сөздер мен PIN кодтарын құпия сақтау үшін өзіңіз жауаптысыз. Google Payments қолданбасындағы ақпаратқа қауіп төнген кезде, Google-ға немесе сәйкес серіктеске хабарлауға да сіз жауаптысыз.

© 2020 Google. Google Home Google Қызмет көрсету шарттары Бұрынғы Құпиялылық мәлімдемелері